Соғыс туралы жазған қазақ жазушылары

Патриот жаршысы
200

Соның кесірінен қанша адам оққа ұшып, қаншасы жараланғанын айтпағанда, соғыстың адам санасын қанша уақытқа дейін деградацияға ұшырататыны тағы белгісіз. Соғыс бар жерде экономика тұралап, қоғамдық ойлау жүйесі де сол тақырыптың төңірегінде қалып қоятыны сөзсіз. Бірақ бұл әдейі болатын процесс емес, соғыстың табиғатында бар нәрсе.

Әрине, Қазақстан тәуелсіздік алғалы ешкіммен жаға жыртыспай, еш елмен кикілжіңге келмеуге тырысып жатыр. Ал еліміздің соғысқа ең бір белсене қатысқан шағы – 1939-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде. Жалпы, соғыс тақырыбы қай кезде де өзекті саналған.

Әрі ол мәдени-әдеби өмірімізде де көрініс тауып отырған. Әсіресе, сол кезеңдегі жазылған кітаптар, шығармалар, романдар арқылы. Осы тұста біздің әдебиет те Кеңес Одағының құрамында болған кезде соғыс тақырыбын шығармаға арқау етті. Тіпті, есім-сойы белгілі қаламгерлер қолындағы қаламын мылтыққа айырбастап, соғысқа барды.

Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов секілді қаламгерлерді негізінен осы соғыс туралы жазған шығармасы танытты десек, артық айтқанымыз емес шығар. Шығармашылығы сол кезеңдегі қызыл идеологияның тамырынан нәр алған Жамбыл Жабаев та соғыс жайлы көп жазды, көп жырлады. Материал   Aikyn.kz  -тен алынды.