Жоба туралы
PATRIOT PORTALY (patriotportalу.kz) Қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекет жастарына патриоттық тәрбие беру жолында қызмет ететін ақпараттық-танымдық сайт.
Мақсатымыз:
1. Елімізде болып жатқан патриоттық іс-шаралар жөнінде ақпарат тарату арқылы ұрпаққа патриоттық тәрбие беру;
2. Жастардың патриоттық бастамашылығын қолдау арқылы жасөспірімдер мен жастардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;
3. Заманауи батырларымыздың (әр саланың үздіктерін) үлгі ету арқылы қоғамда азаматтардың ел болашағы алдындағы жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету;
4. Батыр бабаларымыздың, Алаш ардақтыларының, даңқты ардагерлеріміздің тағылымды жолын насихаттай отырып, Ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту;
Осы жоба аясында жастардың патриоттық бастамаларына көбірек мүмкіндік бергіміз келеді. «Patriot bol» қорының қолдауымен жасөспірімдер мен жастарға ғаламтор желісінде өздерінің заманға сай жобаларын жасауға көмектесеміз (ютуб, тик-ток, телеграмм жобалар). Бұл жобаға әр университет, колледж, мектептің жоғары сынып оқушылары қатыса алатын дүние болады. Себебі жастар өздері бастамашыл идеяларымен айналысқан кезде патриотизмге деген қызығушылықтары көбірек болмақ.
Портал ұлттық патриотизмді әр азаматтың жеке басының асыл қасиеттері, отбасындағы және қоғамдағы рөлі, қызметте өз ісінің хас шебері болу арқылы мемлекетке тигізер пайдасы ракурсында түсіндіретін тәрбие құралы болмақ.
Ерекшелігі: Сайтта саяси талқылаулар болмайды, бұл – тек патриоттық бағыттағы ақпараттық-танымдық платформа.