Жас қаламгерлерге жаңа тыныс

Патриот жаршысы
39

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның әдеби кеңістігінде жас шығармашыл буын үшін жаңа мүмкіндіктер есігін айқара ашты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлескен бастамасымен «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсы өз жұмысын бастады. Бұл жоба биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр және еліміздің мәдени мұрасын сақтау, зерттеу, насихаттау және шығармашылық әлеуетті арттыруға бағытталған.

Әдеби шеберлік мектебіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 20 жас қаламгер қатысуда. Олар он күн бойы шығармашылық қабілеттерін дамытып, қаламгерлік қырларын шыңдайды. Бағдарлама аясында отандық және шетелдік жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар дәрістер оқып, өз тәжірибелерімен бөліседі.

Айта кетерлігі, жобаға ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де тартылып, қатысушыларға әдебиет пен ғылымның тоғысуынан туындайтын жаңа идеялар мен бағыттар ұсынылады.

Бұл бастама жас жазушыларға шығармашылық шабыт сыйлап қана қоймай, әдебиет пен ғылымның өзара ықпалдастығын тереңдетіп, ұлттық сөз өнерінің дамуына серпін беруді көздейді.

Редакция
Patriot Portaly