Алтынға толы дода

Астана қаласының әкімдігі
Алматы қаласында өткен каратэ-до кекушинкайдан халықаралық «Әлемдік гран-при» турнирінде елордалық спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. Ауқымды додаға Пәкістан, Тунис, Ресей, Иран және Қазақстанды қоса алғанда, 8 елден 800-ден астам спортшы қатысты.
Жарыс татамиіне 6 жастан 18 жасқа дейінгі жас спортшылар шықты. Астана қаласының каратэшілері жоғары шеберлік пен табандылық танытып, жалпыкомандалық есепте үздік нәтиже көрсетті. Олар 15 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
Аталған жарыс – жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе мектебі, сондай-ақ халықаралық ареналарда өздерін дәлелдеуге мүмкіндік.
Бұл жетістік елордадағы спорттың қарқынды дамып келе жатқанын және жасөспірімдердің жеңіске деген жігерінің жоғары екенін айғақтайды.