Панфилов саябағында – болашақ батырлар анты

Патриот жаршысы
129

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Алматыдағы 28 гвардияшы‑панфиловшылар саябағы тағы бір тарихи сәтке куә болды: Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының 210 түлегі лейтенант шенін алып, ел Қарулы күштерінің сапын толықтырды.

Салтанатты жиында жас офицерлерді ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал‑лейтенант Сұлтан Камалетдинов, Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал‑майор Мереке Көшекбаев, ардагерлер мен институт басшылығы құттықтады.

55 жылдық тарихы бар білім ордасының биылғы түлектері әскери даярлықпен қатар ғылыми, спорттық және қоғамдық жобаларда да көзге түскен. Салтанатта дипломдар табысталып, түлектер әскери институттың Жауынгерлік туымен қоштасты. Осы бір рәсім ұрпақтар сабақтастығының айқын символына айналды.

Жас лейтенанттар енді Қазақстан Қарулы күштеріндегі жаңа белестерге жол тартады.

Малика Рүстем
тілші