Қажымұқан - Италия төрінде

Патриот жаршысы
90

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «Қажымұқан» фильмі Италияда өткен XXIX Халықаралық IPAAF – Apoxiomeno кинофестивалінде топ жарды.

Тарихи туынды төрт бірдей басты номинацияда жеңіске жетті. Атап айтқанда:

  • «Үздік фильм»,
  • «Ең үздік ер адам рөлі» (Ербол Төлепберген),
  • «Үздік режиссура» (Қанағат Мұстафин),
  • «Үздік сценарий» (Қанағат Мұстафин, Жанат Қасабеков).

Фильмнің режиссері Қанағат Мұстафин бұл жобаның сценарийіне 2012 жылы кірісіп, он жылдан аса тарихи зерттеу жүргізген. 2020 жылы түсірілім басталып, көпшіліктің асыға күткен киносы 2023 жылы көрерменге жол тартты.

Фильм қазақтың тұңғыш әлем чемпионы, француз күресінің шебері, алып тұлға – Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолын баяндайды. Ол спорттық мансабында елуге жуық медаль мен марапат жеңіп алып, халқымыздың мақтанышына айналған аңыз тұлға.

Айта кетейік, IPAAF-Apoxiomeno – Италияда 30 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан беделді халықаралық кинофестиваль. Бұл алаңда әлеуметтік, тарихи маңызы бар, мәдениетті байытатын және көркемдік деңгейі жоғары туындылар бағаланады.

Малика Рүстем
тілші