Париж Олимпиадасына велосипедпен жетті

ҚР Туризм және спорт министрлігі
64 жастағы Рәббім Борашев – Бейнеу ауданының тумасы. Зейнет жасына дейін құрылыс саласында қызмет еткен. Соңғы жылдары велосипед тебуге қызығушылығы оянып, түрлі велошерулерде бақ сынаған.
Ұзақ жолға шығар алдында берген сұхбатында:
«Олимпиадаға бару көпшіліктің арманы десем болады. Жас кезімде мүмкіндік болмады, бірақ қазір бел буып, осындай шешім қабылдадым.Алдымен Ақтаудан Бакуге дейін ұшып барамын. Ол жақтан ҚР бас консульдығындағы азаматтар күтіп алып, Грузия шекарасына дейін шығарып салады. Мен үшін бұл үлкен қолдау болмақ. Әрі қарай Батуми қаласына барып, «Ұлы Дала Жорығы» жобасына қатысамын. Маусым айында Түркия еліне жолға шығамын. Содан соң Венгрия, Австрия, Германиядан өтіп, Францияға дейін жетемін деген жоспарым бар» ,-деген еді.
Міне, араға уақыт салып жұбайы Айзада Борашевамен бірге Париж қаласына жетті. Велошабандоздарды Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің өкілдері күтіп алып, Триумф аркада салтанатты кездессу рәсімі өтті.
Қазақстандық спортшыларды қолдау үшін келген жерлесіміз бес мың шақырымды еңсеріп, патриоттығын дәлелдеді.
Жиһангездің айтуынша, бұл сапарға ол екі ай бұрын дайындалған. Велосипедін жаңартып, бәрін жөндеп, сақадай-сай шыққан. Жолда түрлі қиындықтар болғанын да айтты. Әсіресе визаға байланысты қиындықтар болған. Дегенмен, соған қарамастан Парижге жету үшін 8 елді басып өтті.