Теннистен ел чемпиондары белгілі болды
Патриот жаршысы
15

Olympic.kz
Астанада өткен теннистен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетіп, жаңа жеңімпаздар есімі белгілі болды.
Ерлер арасындағы финалда қарағандылық Әмір Омарханов пен Теміртаулық Григорий Ломакин кортқа шықты. Жанкүйерлер бұл кездесуден тартысты ойын күтсе де, матч күтпеген жағдайда аяқталды. Бірінші сетте Әмір 6:1 есебімен басымдық танытты. Ал екінші сетте Ломакин жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Осылайша, Әмір Омарханов ел чемпионы атанды. Қола жүлде Ислам Орынбасарға бұйырды.
Әйелдер арасындағы финалда Жібек Құламбаева мен Аружан Сағандықова шеберліктерін көрсетті. Екі сет бойы жоғары деңгейде ойын өрбіді. Құламбаева 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атақты иеленді. Үшінші орын Іңкәр Дүйсебайға бұйырды.