Алматыда Абай әндері асқақтады

Алматы қаласының әкімдігі
10 тамызда Алматыда ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған салтанатты рәсім өтті. Абай алаңындағы мерекелік шара 5000-нан астам адамды жинап, күннің басты оқиғасына айналды.
Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым, шығармашылық ұйымдар мен жастар қатысты. Қатысушылар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті. Монумент түбін жүздеген раушан гүлдері көмкерді.
Көпшілік «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерін «Отырар сазы» оркестрінің, Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттер хорының сүйемелдеуімен бірлесіп шырқады.
Абай мерейтойына орай Алматыда жыл соңына дейін 100-ден астам мәдени, спорттық, қайырымдылық және ағартушылық іс-шара өтеді.