Жас шахматшылар топ жарды

Патриот жаршысы
34

Өзбекстан астанасы Ташкентте  20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Рапид және блиц бойынша 2024 жылғы әлем чемпионаты өтті.

 Жас шахматшыларымыз– 13 медаль, соның ішінде 7 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Олардың арасынан Астанадан жарысқа барған ағайынды Жауынбайлардың алтын дублін ерекше атап өткен жөн. 10 жасар Әлімжан рапидте, 12 жасар Алдияр блицте әлем чемпионы атанды.

 Алтын медаль алған жас ойыншыларымыздың ішінде рапидтен – астаналық 9 жасар Арлан Міржанов, 12 жасар алматылық Айлин Зарқым, Атыраудан барған 14 жасар Зарина Нұрғалиева және 15 жастағы алматылық Әлихан Дәулет, блицтен – Шымкенттен барған 17 жасар Аяулым Қалдарова бар (ол сондай-ақ рапидтен күміс алды).

 

2-4 тамыз аралығында чемпионатқа қатысушылар рапидте «15+10» (әр партияға 15 минуттан беріледі және әр жүріс үшін 10 секунд қосылады) нұсқасында бақ сынасты – швейцариялық жүйе бойынша 9 турда жарысты, тек бұған қыздардың жасы үлкен екі санатының ойыны басқаша болды – катысушылар айналма жүйе бойынша ойнады.

Редакция
Patriot Portaly