Алматыда журналистерге құрмет көрсетілді

Патриот жаршысы
130

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматыдағы Достық үйінде ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген журналистер мен медиа мамандар марапатталды.

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қатысып, Мемлекет басшысының атынан бірқатар саланың үздіктеріне мемлекеттік наградалар табыс етті. Вице-министр БАҚ өкілдерінің қоғамдағы рөліне тоқталып, шығармашылық табыс пен толағай жетістік тіледі.

Марапатталғандар қатарында телерадио, баспасөз және интернет журналистика саласында ұзақ жыл еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандар бар. Олар «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

 

Малика Рүстем
тілші