Меруерт Камалиденова әлем чемпионатын дүр сілкіндірді

Патриот жаршысы
9

Астана қаласының әкімдігі

Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан шахматтан әйелдер арасындағы Әлем кубогында елордалық шахматшы Меруерт Камалиденова сенсациялық жеңіске қол жеткізді.

Әлемдік рейтингте 59-орында тұрған отандасымыз турнирдің 1/32 финалында тәжірибелі қарсылас - рейтингте 6-орында тұрған, қазіргі әлем чемпионы Александра Горячкинаны тізе бүктірді.

Байрақты додаға әлемнің 107 мықты шахматшысы қатысып жатыр. Турнир классикалық форматта өтіп, әр спортшы қарсыласымен екі партия ойнайды. Келесі кездесуде Меруерт қара фигурамен ойнайтын болады.

Айта кетейік, бұл турнир 2021 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін ең үздік нәтижені Динара Сәдуақасова көрсетіп, ширек финалға дейін жеткен еді. Ол да сол жылы дәл осы Горячкинаға жол берген болатын.

Меруерттің бұл жеңісі – қазақ шахматындағы үлкен жетістік.

Малика Рүстем
тілші