Болашаққа инвестиция: «Ұлттық қор – балаларға»

Патриот жаршысы
19

Фото: aiqyn.kz

Балалардың болашағына инвестиция: Қазақстанда балаларды қаржылай қолдауға бағытталған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына 2025 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 66 571 өтінім қабылданды. Оның ішінде 53 001 өтінім мақұлданып, жалпы сомасы 5,3 миллион доллар төленді.

Бағдарлама аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға 34 388 өтінім беріліп, оның 29 542-сі мақұлданды. Бұл мақсатқа 2,96 миллион доллар бөлінді. Ал білім алу үшін 32 183 өтінім түсіп, 23 459-ы қанағаттандырылды. Бұл бағытта 2,35 миллион доллар төленген.

Қазіргі таңда бағдарламаға 6,9 миллионнан астам бала қатысып жатыр. Олардың ішінде 2025 жылы 18 жасқа толатын 324 430 жас бар. Мемлекет бастамасының негізгі мақсаты – балалардың болашағына қаржылай қолдау көрсету арқылы елдің орнықты дамуына ықпал ету. Бағдарлама өскелең ұрпақтың әл-ауқатын арттырып, олардың білім алу және тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Аружан Тоқсан
Тілші