Республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады

Патриот жаршысы
177

Фото: Syrboyi.kz

Жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайтын жаңа жол жобалар кезең-кезеңімен іске асырылады. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады. 2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:

• "Ақтөбе – Ұлғайсын" (234 шақырым),

• "Қарағанды – Жезқазған" (572 шақырым),

• "Сарыағаш қаласының айналма жолы" (102 шақырым),

• "Қызылорда қаласының айналма жолы" (20 шақырым),

• "Атырау – Доссор" (86 шақырым),

• "Рудный қаласының айналма жолы" (16,9 шақырым),

• "Жаңаөзен – Кендірлі" (156 шақырым),

• "Петропавл қаласының айналма жолы" (8 шақырым).

Бұл бастамаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті бизнес пен кәсіпорындар дамиды. 2025 жылы жаңа жол жобаларын іске асыру аясында 31 мың жұмыс орны ашылып, қосымша инвестиция тартылады. Көпжолақты жолдар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оларды азайтуға ықпал етеді.

Теміржол және автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту іскерлік белсенділікті едәуір жақсартады, медициналық және білім беру мекемелеріне, азық-түлік дүкендеріне, мәдени орталықтарға және т.б. қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған.

Дариға Нысанқұл