Бесқарағайда тазалыққа үн қосқан жастар

Абай облысының әкімдігі
Абай облысының Бесқарағай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағындағы көшелер тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, арнайы техниканың көмегімен қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, Бесқарағай ауылындағы орталық стадион маңында көрермендерге арналған орындықтар жаңартылып, сырлау жұмыстары атқарылды.
Бұл экологиялық шараға ауыл жастары мен тұрғындарынан құралған 30-ға жуық белсенді қатысып, туған жерге деген жанашырлықтарын нақты іспен көрсетті.
Игі бастаманың басты мақсаты - ел арасында экологиялық мәдениетті дамыту және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай шаралар ауылдың көркеюіне, тазалығының артуына және халықтың табиғатқа деген көзқарасының өзгеруіне үлкен әсер етеді.