Рух пен ерлік иесі – Құрмат ата

Патриот жаршысы
96

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Құрмат Рахимұлы – саналы ғұмырын Отан мен халыққа адал қызмет етуге арнаған ардагер. Соғыс жылдарында ерен ерлігімен көзге түсіп, бейбіт күнде ішкі істер саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ол полковник шенінде құрметпен зейнетке шықты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке сіңірген еңбегі зор, ал әріптестері мен замандастары оны ерекше құрметтейді.

Мерейлі жасқа толуына орай Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Құрмат Рахимұлына арналған ерекше кездесу ұйымдастырды. Оқу полигонына арнайы барған ардагер жас сарбаздармен жүздесіп, әскери өмірдің тынысын тағы бір мәрте сезінді. Қолына қару алып, мергендігін дәлелдеді, ал далалық жағдайда дайындалған сарбаз ботқасы соғыс кезінің естеліктерін еске салды.

Бұл күн Құрмат ақсақал үшін жай ғана құттықтау емес, ерлік пен адал қызметке толы өмір жолын қайта бір еске алудың жарқын сәті болды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов ардагерге арнайы құттықтау хатын жолдап, оның құқықтық тәртіпті нығайтудағы еңбегін ерекше атап өтті. Хатта ардагерге зор денсаулық пен бейбіт өмір тілегі жазылған.

Малика Рүстем
тілші