Алматы театрлары Avignon OFF 2025 фестивалінде аншлагпен өнер көрсетті

Патриот жаршысы
57

Алматы қаласының әкімдігі

Францияда өткен әлемнің ең ірі театр фестивальдерінің бірі - Avignon OFF 2025 аясында алматылық театрлар зор табысқа қол жеткізді. Қазақстан «Journées de l’Asie centrale» бағдарламасы бойынша құрметті қонақ ел ретінде қатысып, Алматы шаһары халықаралық сахнада мәдени орталыққа айналды.

Фестивальдің ресми бағдарламасына Алматыдан төрт театр енді. Олар өз қойылымдарын аншлагпен өткізіп, көрермендер мен театр сыншыларының жоғары бағасына ие болды:

  1. ARTiShok театры - Atypik Théâtre сахнасында «Маяковский» перформансын ұсынды;

  2. Jolda Dance Theatre - La Scierie сахнасында «Тамыр» қойылымын көрсетті;

  3. Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры - «Ромео мен Джульетта» қойылымын сахналады;

  4. «Алатау» театры - Rouge Gorge сахнасында «Дала рапсодиясын» қойды.

Бұл - қазақстандық театр тарихында алғаш рет Еуропаның ең ірі мәдени фестивалінде осынша кең ауқымда таныстырылуы. Отандық тәуелсіз театрлардың дамуына серпін берген тарихи оқиға ретінде бағалануда.

Жобаны Almaty Creative шығармашылық индустрияларды дамыту орталығы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Бірегей кураторлық іріктеу нәтижесінде отандық театрлар халықаралық сахнаға жол ашты. Сонымен қатар, фестиваль ұйымдастырушыларымен, медиа және мәдени институттармен тұрақты байланыс орнатылды.

Малика Рүстем
тілші