"Алтын домбыра-2024" кімге бұйырады?

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының ұйымдастыруымен, «AMANAT» партиясының қолдауымен 7-8 желтоқсан күндері Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Төрлет, еңбек адамы!» тақырыбында «Алтын домбыра-2024» республикалық ақындар айтысы өтеді.
Жыр додасына жыл көлемінде өткен айтыстарда жүлделі орын алған 14 ақын қатысады.
Атап айтсақ,
1. Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе)
2. Аспанбек Шұғатаев (Павлодар)
3. Қанат Мырзахан (Тараз)
4. Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда)
5. Дидар Қами (Қарағанды)
6. Шұғайып Сезімхан (Алматы)
7. Өміржан Көпбосын (Ұлытау)
8. Айым Асылбекқызы (Алматы)
9. Абай Жолмағанбет (Маңғыстау)
10. Нұрлан Есенқұлов (Шымкент)
11. Жансая Мусина (Орал)
12. Әсем Ереже (Астана)
13.Хазырет Бердіхан (Алматы)
14.Біржан Байтуов (Шымкент)