Соқпақбаев түрік тілінде сөйлемек

Қазақтың көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Өлгендер қайтып келмейді» романы түрік тілінде басылып шықты.
Жазушының аталмыш романы түрік жұртының қолдауымен аударылып, алғашқы таралымы 2000 дана тиражбен оқырманға жол тартты. Кітаптың тұсаукесеріне ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, түрік тіліне аударған Хусейн Варол және отанымыздың белгілі ақындары мен жазушылары, сондай-ақ, Соқпақбаевтың ұрпақтарының қатысуымен өтті.
Осы іс-шарада Алматы облысы әкімдігінің өкілі жазушының ескерткіші туған жері Нарынқолда бой көтеретінін айтты. Сонымен бірге жазушының есімін саябаққа, білім ошағына және облыстық кітапханаға беру жоспары туралы хабарлады. Балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгімелер, повестер мен романдардың авторы "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат" және "Өлгендер қайтып келмейді" сияқты шығармалары арқылы өз заманының рухын шебер бейнелеген.
Сұлтан Раев Соқпақбаев шығармашылығының түркі оқырмандары үшін маңыздылығын атап өтіп, жазушы балалардың көзқарасы арқылы өмірлік маңызды сабақтар мен тағдырларды жеткізетінін атап өтті. Ол өз сөзінде: "Әлемде өз шығармашылығын балалар әдебиетіне арнаған жазушылар аз, ал Бердібек Соқпақбаев – солардың бірі", – деп атап өтті.