Нұрдәулет Құмарұлы - күміс жүлдегер

Патриот жаршысы
40

Абай облысының әкімдігі

2025 жылғы 28 шілде мен 3 тамыз аралығында Грекияның Афина қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өтті. Бұл байрақты додада Абай облысының намысын қорғаған Семей қаласындағы Олимпиада резервінің аймақтық спорт колледжінің 2-курс студенті Нұрдәулет Құмарұлы 48 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, ол «Спорт шебері» атағын жеңіп алды.

Жас балуанның бұл табысы - үлкен еңбек пен үздіксіз жаттығудың нәтижесі. Чемпионатқа 18 елден 18 мықты спортшы қатысып, әрбір белдесу жоғары деңгейде өтті.

Нұрдәулет бұған дейін де халықаралық аренада ел намысын сәтті қорғаған. 2024 жылы Иорданияда өткен Азия чемпионатында қола, ал 2025 жылы Вьетнамда өткен Азия чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, ол Қазақстан біріншіліктерінде де бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінді.

Жас дарынды баптап, үлкен спорт жолына бағыт берген - Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жоғары санатты жаттықтырушысы Мұрат Амиров.

Малика Рүстем
тілші