Экофест: «Астана дарыны»

Астанада Білім басқармасының қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған экофест өтіп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып «PATRIOT PORTALY» хабарлайды.
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан іс-шара, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен олардың назарын экология мәселелеріне аударуға бағытталған.
«Оқушылар экология тақырыбында шеберлік сыныптар, макеттерін, ғылыми жобаларын көрсетті және экологиялық мәселенің шешімін қалай шешу керек екендерін айтып, өз идеяларын ұсынады. Қайталама шикізаттан жасалған туындыларын ұсынды, осылайша олардың қайта қолданысқа енгізілуіне септігін тигізді. Көрмеде күнделікті өмірде қолдануға болатын өте әдемі экспонаттар бар. Мектеп оқушыларының қиялдары өте кең. Бүгін елорданың барлық 97 мемлекеттік мектебі мен 50-ден астам жекеменшік оқу орындарының оқушылары жиналғанын атап өткім келеді», - деді Астана әкімдігінің дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі директоры Жанар Бейсенбаева.
Экофест мектеп оқушыларына, студенттер мен ата-аналарға арналған және барлық қатысуға ниет білдірген жандар үшін ашық болды.
Экофест бағдарламасы: ғылыми жобалардың тұсаукесерлері, тұрмыстық қалдықтардан жасалған қолөнер бұйымдары, «Fashion шоу», «Экожаз» концерттік бағдарламасы және т.б. түрлі форматтағы іс-шараларды қамтыды.
Фестивальде тұрмыстық қалдықтарды қайтадан тиімді пайдалану арқылы қандай бұйымдар жасауға болатыны көрсетілді. Сонымен қатар, балаларды шығармашылық ойлауға, қиял мен ұсақ моториканы дамытуға, ең басысы табиғатқа құрметпен қарауға үйретті.