«Bir Tolqynda»: елордалық жастар мен хоккей жұлдызы жүздесті

Патриот жаршысы
20

Астана қаласының әкімдігі

Астанада Жастар күніне орай «Bir Tolqynda» атты ашық диалог алаңы өтті. Іс-шараны елордалық «Жастар рухы» жастар қанатының филиалы Байқоңыр ауданы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырды.

Жиынға шамамен 150 жас қатысты. Бұл кездесу спорт, жетістік және өмірлік мотивация тақырыптарында еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Шараның басты қонағы – «Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Әлихан Әсетов болды.

Спортшы өзінің үлкен спортқа келу жолымен бөлісті:

«Кәсіби карьерам Өскеменде, «Торпедо» хоккей клубының мектебінде басталды. 2012/2013 маусымында Ресей біріншілігінде алғаш рет мұз айдынына шығып, Қазақстан чемпионатында «Казцинк-Торпедо-2» сапында дебют жасадым. Бұл – менің кәсіби хоккейдегі алғашқы қадамым еді».

Кездесу барысында жастар сұрақтар қойып, спорттағы табыс пен еңбекқорлық жайында әңгімелесті. Әлихан Әсетов жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға және ел игілігі үшін адал қызмет етуге шақырды.

Редакция
Patriot Portaly