Астаналық пауэрлифтерлер «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Астана қаласы әкімдігі
Бүгін №7 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің пауэрлифтинг бөлімінің спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Жас атлеттер Астана қаласының құрамасы жаттығатын Қалдаяқов көшесіндегі спорт залының аумағында сенбілік ұйымдастырып, айналаны қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жасөспірімдер арасындағы классикалық пауэрлифтингтен Азия чемпионы Егор Кузнецов мұндай бастамалардың маңыздылығына тоқталды:
«Біз Астананың атынан жарыстарға қатысып жүргенімізді мақтан етеміз. Бірақ туған қаламыздың тазалығын сақтау да соншалықты маңызды. Экологиялық акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Табиғатқа қамқорлық — спорттағы тәртіппен тең құндылық. Біз таза әрі жасыл Астана үшінбіз!» — деді чемпион.
Акцияны спорт мектебінің бапкерлері мен әкімшілігі де қолдап, мұндай шаралардың жас спортшылардың бойында азаматтық жауапкершілік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейтінін атап өтті. №7 ДЮСШ директоры Серік Халелов қатысушыларға алғысын білдіріп, былай деді:
«“Таза Қазақстан” бүкіл ел бойынша мыңдаған бейжай қарамайтын адамдарды біріктіреді. Біздің спортшылар тек жастарға үлгі көрсетіп қана қоймай, спорт пен экологияның тығыз байланысты екенін дәлелдеп отыр. Біз апта сайын сенбіліктер өткізіп тұрамыз — бұл жақсы дәстүрге айналды. Жігіттерге және бапкерлерге белсенді азаматтық ұстанымдары мен қаламызды көркейтуге ұмтылыстары үшін алғыс айтамын».
Бұл шара жасөспірімдердің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, оларды табиғатты аялауға баулитын маңызды қадам болды.