Астанада есірткіге қарсы марафон өтті

Астана қаласының әкімдігі
Астанада Winox фитнес клубының бастамасымен әуесқой жүгірушілерге арналған ерекше кешкі спорттық шара ұйымдастырылды. «Заң және тәртіп. Астана - есірткісіз қала» ұранымен өткен жүгіріс елордалықтарды салауатты өмір салтына үндеуді және есірткіге қарсы күрес тақырыбын насихаттауды мақсат етті.
Жарыстың басты ерекшелігі - қатысушылардың жарқырайтын неон браслет тағып жүгіргені. Бұл көрініс кешкі Астананың көшелеріне ерекше сән берді. Іс-шара Sana Sport кешенінің жанында өтті. Бұл орын жақында ғана жаңартылып, заманауи спорт инфрақұрылымымен толықты. Жасыл желекке оранған кең саябақ қатысушылардың көңілін көтеріп, жарысты жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.
Жарысқа 7-16 жас аралығындағы балалар мен ересектер қатысты. Балалар 500 және 1000 метрге, ал ересектер 2,5 және 5 шақырымға жүгірді. Жарыс нәтижелері төмендегідей:
5 шақырым. Ерлер арасында:
-
1-орын: Бағдат Әмен
-
2-орын: Дархан Халияров
-
3-орын: Бағдат Тапаев
5 шақырым. Әйелдер арасында:
-
1-орын: Диана Алиева
-
2-орын: Мөлдір Әкімова
-
3-орын: Динара Кулумбетова
2,5 шақырым. Ерлер арасында:
-
1-орын: Данияр Жакетов
-
2-орын: Дархан Сулуев
-
3-орын: Сұңғат Сағдолданов
2,5 шақырым. Әйелдер арасында:
-
1-орын: Майя Әбілова
Winox фитнес клубының директоры Юлия Качелаева: «Мұндай шаралар арқылы жастарды дұрыс өмір салтына баулып, қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аудартуға тырысамыз. Бұл - тек спорт емес, бұл - ұрпақтың жарқын болашағына қосқан үлес», - деп атап өтті.
Шара соңында 50-ге жуық қатысушыға арнайы естелік медальдар табысталды. Бұл кеш - спортты ұлықтап қана қоймай, қоғамды ортақ мүдде үшін біріктіре алатын жарқын үлгіге айналды.