Дзюдода – қос жеңіс!

Патриот жаршысы
142

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Германияның Варендорф қаласында өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан CISM әлем чемпионатында қазақстандық армия спортшылары екі қола медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта Қарулы күштер өкілі Шерзод Давлатов жұбаныш жекпе-жектерінде Алжир, Франция және Кувейт спортшыларын жеңіп, үздік үштікке енді.

66 келіге дейінгі салмақта қатардағы жауынгер Нұрқанат Серікбаев алғашқы айналымда Тунис өкілінен басым түсіп, кейін швейцариялық және неміс дзюдошыларын жеңіп, қола медаль үшін өткен шешуші кездесуде итальяндық спортшыны ұтты.

Айта кетейік, бұл дүбірлі додаға 35 елден 200-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 30 маусымға дейін жалғасады.

Малика Рүстем
тілші