Бес жасар баланы құтқарып қалды

Патриот жаршысы
100

Жақсылық жасау -  жас талғамайды. Жақсы адамдар жанымызда жүр. Солардың бірі - бес жасар баланы аман алып қалған Астана қаласындағы №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов. 

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған. Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды. Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін ойланбастан жасағанын айтты.

Анасының айтуынша, Ақан өзінің іні-қарындастарына қамқор. «Төрт ұл бір қызым бар. Ақан інісі мен қарындасының сабағын оқытып, балабақшадан әкеліп, үлкен адам сияқты ағалық қамқорлық танытып жүреді», - дейді анасы.

Ақан оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

«Бүлдіршіннің 4 қабаттан құлағалы тұрғанын көрген сәтте сумкамды тастай салып жүгірдім. Жедел сатымен жылдам көтеріліп, баланы құтқарып үлгердім. Бала анасын іздеп балконға шығып кетіпті», - дейді Ақан Әкімжанов.

Толығырақ  " https://www.instagram.com/reel/DEE9ys_taTF/?igsh=ZWk2dWFvbWttZmR3 " сілтемесінен біле аласыздар.

Дариға Нысанқұл