Қазақстанда сирек кездесетін тиын табылды

Патриот жаршысы
112

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты.  Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды,– деп хабарлайды  Мәдениет және Ақпарат министрлігі.

 Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады.

 Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде.

 Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. 

Дариға Нысанқұл