Шымкентте республикалық айтыс өтті

Патриот жаршысы
128

Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласының күніне орай «Түркістан» сарайында «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додада еліміздің әр өңірінен келген 12 ақын өнер көрсетті. Айтысты ақын, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев жүргізді.

Қала жетістіктерін жырға қосып, шымкенттіктердің еңбекқорлығын жырлаған ақындар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Айтыс екі кезеңнен тұрды. Қазылар алқасының төрағасы – Еңбек сіңірген қайраткер, белгілі қаламгер Несіп Жүнісбайұлы. Қазылар құрамында Серікзат Дүйсенғазин, Бауыржан Халиолла, Айтақын Бұлғақов, Әдіхалық Әдірайымов, Маржан Есжанова мен Өміржан Көпбосын болды.

Нәтижесінде:

1. Бас жүлде — Нұрлан Есенқұлов (Шымкент). Жүлдесі — автокөлік;

2. І орын — Жансая Мусина (БҚО), 2 млн теңге;

3. ІІ орын — Біржан Байтуов (Шымкент) және Аспанбек Шұғатаев (Павлодар), әрқайсысына 1,5 млн теңгеден;

4. ІІІ орын — Дидар Қамиев (Қарағанды) және Ержан Әміров (Қызылорда), әрқайсысына 1 млн теңге;

5. Арнайы сыйлық — Алтынкүл Қасымбекова (Жамбыл), 700 мың теңге.

Қалған қатысушыларға 500 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы табысталды.

Малика Рүстем
тілші