Милан - 2026 қысқы Олимпиадасына дайындық

Патриот жаршысы
97

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Милан ‑ 2026 қысқы Олимпиадасына дайындықтың үшінші кезеңінде шорт‑тректен ұлттық құрамамыз Астанадағы «Алау» мұз айдынында жаттығып жатыр. 

Бұрын ‑соңды бұл спорт түрінде біздің команда дәл мұндай кешенді дайындықтан өтпеген еді. Жаңарған құрама жұмысының негізгі басымдықтары:

Әлемдік деңгейдегі бапкерлік қолдау. Өткен жылдан бері құраманың бас бапкері кеңесшісі қызметін Нидерланд маманы - Вильма Бумстра атқарады. Ол Нидерланд пен АҚШ командасымен жоғары нәтижелерге жеткен тәжірибелі жаттықтырушы.

Кәсіби медицина. Болгариялық дәрігер Эмиль Трифонов енді қазақ шорт‑трекшілерінің оң қолы. Екі Олимпиада қарсаңында WADA құрамында жұмыс істеген маман фармакология мен қалпына келтіру бағытында баға жетпес тәжірибесімен бөлісуде.

Жетік сервис. Команданың конькиін дәл баптайтын ТОП механик те бар. Эмре Эмиль Бейжің Олимпиадасында Мажарстан құрамасымен жұмыс істеп, елге тұңғыш алтын әкелуге сеп болған еді.

Мұндай жүйелі дайындық спорт саласындағы жаңа заңнамалық өзгерістер мен біртұтас басқару вертикалі қалыптасуының арқасында мүмкін болып отыр. Алда тұрған мақсат - Милан мұзында мемлекет намысын абыроймен қорғау.

Малика Рүстем
тілші