Нұрғиса Тілендиевтің “Арман” күйінің шығу тарихы қандай?

Патриот жаршысы
47

Домбыра үнімен талай жүректерді баураған Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығында “Арман” күйі ерекше орын алады. Бұл күйдің шығу тарихы терең мән-мағынаға толы.

Бір ауылдағы тойда елдің құрметіне арқауы болған Нұрғиса күйшінің шеберлігіне көпшілік тәнті болып, шапалақпен көтермелеп, қошеметтейді. Бірақ сол тойда шетте отырған ақсақалдың тұнжыраған жүзінде селт жоқ…

Түннің бір уағында Нұрғиса сол ақсақалдың үйіне қонақ болады. Төрде ілулі тұрған домбыраны қолына алып, тартуға рұқсат сұрайды. Бірақ ақсақал:
“Күйдің берекесін алмай, адам құсап тартшы!” – деп, қатаң ескертеді.

Бұл сөз Нұрғисаның жанына ауыр тиді. Әкесі Тіленді марқұмның өсиеті санасына оралып, күйші бір сәт өзін сынайды. Сол күйде домбыраның үнін жүрегімен сезініп, терең тебіреністен “Арман” күйі дүниеге келеді.

Дариға Нысанқұл