Эльмира Сыздықова Польшада күміс медаль иеленді

Патриот жаршысы
25

olympic.kz

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан беделді Poland Open халықаралық турнирінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Жартылай финалда Сыздықова италиялық Энрика Ринальтиді айқын басымдықпен жеңіп, финалға шыққан болатын. Алайда шешуші белдесуге қатысудан бас тартуына байланысты Эльмира жарысты күміс медальмен аяқтады.

Осылайша, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде қосылды. Бұған қоса, 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Зульфия Яхиярова да сәтті өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

Малика Рүстем
тілші