Азия чемпионы елге оралды

Патриот жаршысы
21

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Астана халықаралық әуежайына биатлоннан IX қысқы Азия ойындарының чемпионы және командалық сайыстың күміс жүлдегері Владислав Киреев пен жеке бапкері келді.

«Жеке сайыста чемпион атанғанымды тек марапаттау сәтінде ғана сезіндім. Ең басты жарысымыз - Азиада болғандықтан, жүйелі түрде дайындалдық. Командалық сында желдің қаттылығы нысана көздеуге кесірін тигізді. Азия ойындары мен биатлонан әлем чемпионатының уақыты қатар болғандықтан, бірден Швейцарияға аттанып, міне енді ғана елге оралып жатқан жайымыз бар. Ыстық ықыласпен, қазақи дәстүрмен қарсы алған барша жандарға алғысым шексіз », - деді өз сөзінде Владислав Киреев. 

Оларды әуежайдан жақындары, жанкүйерлері және Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері, биатлон федерациясы, ЦСКА Орталық армия клубы, Қарағанды облысының спорт басқармасы өкілдері ерекше құрметпен күтіп алды.

Аружан Тоқсан
Тілші