Сабрина Байжігітова - әлем чемпионы!

Патриот жаршысы
17

Астана қаласының әкімдігі

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен 15-17 жас аралығындағы жастар арасындағы GTF таэквондодан әлем чемпионатында елордалық спортшы Сабрина Байжігітова алтын жүлдені жеңіп алды. Жарысқа 25 мемлекеттен 600-ден астам жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан құрамасы дүбірлі додада жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте үздік үштікке енді. Ал 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Сабрина шеберлігімен, дайындығымен және жеңіске деген ерік-жігерімен дараланды.

Финалдық кездесуде отандасымыз ресейлік қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атағына лайық екенін дәлелдеді. Барлық белдесуде сенімді өнер көрсеткен Сабрина өз салмағында ешкімге дес бермей, турнирдің жеңімпазы атанды.

Малика Рүстем
тілші