Үздік парашютшілер анықталды

Патриот жаршысы
118

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

«Жоламан-солтүстік» әуеайлағында өткен парашюттік сайыс – кәсібилік пен ептіліктің айқын көрінісі болды. Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогы үшін ұйымдастырылған додаға 50-ден астам спортшы қатысты. Олар Қарулы күштердің әртүрлі бөлімшелерінен және еліміздің үш қаласындағы авиациялық және парашюттік спорт федерацияларынан келген.

Жарысқа 18 команда қатысты. Қатысушылар арнайы мақсаттағы парашюттермен екі жаттығу бойынша бақ сынады: "жеке дәл қону" және "командалық дәл қону". Сайыс шынайы спорттық рух пен әскери тәртіптің үлгісін көрсетті.

Жарыстың жабылу салтанатында Арнайы операциялар күштері қолбасшысының орынбасары подполковник Саят Исанов сөз сөйледі:

– Бұл чемпионат – шынайы кәсіби парашютшілердің мерекесі. Әрқайсың тек шеберлік емес, командалық рух пен дайындықтың жоғары деңгейін де дәлелдедіңдер, – деді ол.

Бас жүлде – Арнайы операциялар күштері қолбасшысының ауыспалы кубогы – Семей қаласындағы 74884 әскери бөлімінің командасына бұйырды. Олар командалық есепте де, жеке жарыста да үздіктер қатарынан көрінді.

"ҚР Қарулы күштерінің АОК командалары" санатында:

  • 1 орын – 74884 әскери бөлімі,

  • 2 орын – 22750 әскери бөлімінің 2-ші командасы,

  • 3 орын – 22750 әскери бөлімінің 1-ші командасы.

"Жеке дәл қону" жаттығуында:

  • 1 орын – майор Асқар Тәкіров (22750 әскери бөлімі),

  • 2 орын – лейтенант Аслан Тасимов (74884),

  • 3 орын – сержант Жайдар Сембаев (74884).

АОК құрамына кірмейтін командалар арасындағы есепте:

  • 1 орын – Қарағанды облысы (Қазақстан авиациялық спорт федерациясы),

  • 2 орын – "Астана-1" (Астана қаласы парашюттік спорт федерациясы),

  • 3 орын – "ДШВ-5" (Десанттық-шабуылдау әскерлері).

Жеке біріншілікте де мықтылар анықталды:

  • 1 орын – Алмас Рахымжанов (Қарағанды),

  • 2 орын – Геннадий Васильев,

  • 3 орын – Михаил Латышев (екеуі де – Астана федерациясынан).

Жеңімпаздар кубок, медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Чемпионат Қазақстанда парашют спортының деңгейі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Малика Рүстем
тілші