Астанада ат спортының халықаралық додасы өтеді

Патриот жаршысы
77

Астана қаласының әкімдігі

30 мамыр мен 1 маусым аралығында елордадағы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде халықаралық деңгейдегі ірі ат спорты жарыстары – конкурдан Еуразиялық лига Кубогының кезеңі (FEI CSI1-W) мен дрессурадан халықаралық турнир (FEI CDI1) өтеді. Бұл шаралар Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен ұйымдастырылады.

Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды елдерден 60-тан астам шабандоз қатысады. Бұл – 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу үшін маңызды рейтингтік жарыс. Астана қалалық спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамовтың айтуынша, дрессура – ат пен шабандоз арасындағы үйлесімділікті бағалайтын, спорт пен өнердің тоғысқан ерекше түрі.

Астаналық спортшылар бұған дейін де халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен. Сәуірде Челябинскіде өткен турнирде «Арғымақ» спортшылары 33 медаль жеңіп алса, мамырда Екатеринбургтегі жарыста тағы 23 медаль иеленген. Сонымен қатар Сеулде өткен Азия Кубогында Маликa Серік алтын медаль алды.

Ұлттық ат спортын дамыту да назардан тыс қалмаған. 4 мамырда елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық бәйге өтті.

Жыл соңына дейін елордада бірнеше ұлттық және халықаралық ат спорты жарыстары өтпек. Бұл шаралар салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық мұраларымызды ұлықтауға бағытталған.

Малика Рүстем
тілші