Айбар Қайым әлем кубогі кезеңінде алтын жүлдені жеңіп алды
Фото:ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Айбар Қайым Германияда өткен кадеттер арасындағы әлем кубогі кезеңінде алтын жүлдені иеленді.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, отандасымыз семсерлесудің қылыш түрі бойынша өткен жарыста үздік нәтиже көрсетті. Финалдық кездесуде Айбар Қайым Германия спортшысы Джастин Льюді 15:13 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Айта кетейік, бұл — Айбар Қайымның әлем кубогі кезеңдеріндегі үшінші жеңісі. Бұған дейін де ол халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен.
Қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстардағы табысы — ел мерейін үстем етіп, жас буынға үлкен үлгі болуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» футбол клубы әлемдегі үздік клубтардың қатарына енген болатын.