Жастар театры – елорданың рухани жүрегі

Патриот жаршысы
91

Астана қаласының әкімдігі

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Бұл — ел руханиятына өлшеусіз үлес қосып жүрген өнер иелерінің еңбегі еленетін ерекше күн. Театрдың бүгінгі тынысы туралы театр директорының орынбасары Ақберген Жұмабаев ой бөлісті.

«Жастар театры 2007 жылдың 5 шілдесінде ашылды. Елордаға арнап жаңа театр қажет болды, сол мақсатпен бұл өнер ордасы құрылды. Қазір 18 жылдық тарихымызда 14 халықаралық және республикалық Гран-при иелендік. Классикалық туындылармен қатар заманауи бағыттағы қойылымдарымыз да бар. Балалар ертегісінен бастап, мюзиклдер мен музыкалық спектакльдерге дейін түрлі жанр қамтылған», – дейді ол.

Көрермендердің басым бөлігі – 18 бен 54 жас аралығындағы азаматтар. Театр құрамында 54 актер бар, көпшілігі – жас мамандар. Жыл сайынғы гастрольдер, шетелдік фестивальдер мен әртүрлі елдермен жасалған меморандумдар – театрдың өсіп-өркендеп жатқанын көрсетеді.

«Біз тек елорда ғана емес, бүкіл еліміздің мәдени өміріне үлес қосып келеміз. Театр көрерменмен рухани байланыс орнататын ерекше өнер алаңы. Театрға келіңіздер, сахна құдіретін көзбен көріп, жүрекпен сезініңіздер», – деп түйіндеді Ақберген Жұмабаев.

Малика Рүстем
тілші