Литвада өткен додада қазақстандық дзюдошылар жарқырады

Патриот жаршысы
91

Фото: gov.kz

2025 жылдың 22–26 мамыр күндері Литваның Каунас қаласында дзюдодан юниорлар арасында Еуропа кубогы өтуде. Халықаралық деңгейдегі бұл жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық жас татами шеберлері сәтті өнер көрсетіп, бірқатар жүлделі орындарға ие болды.

Жекпе-жекке шыққан спортшылардың арасында «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының тәрбиеленушілері 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

Алтын медаль — Жеңісұлы Қайрат (-60 кг), Күміс медаль — Сұлтанбай Телжан (-60 кг), Махатова Руслана (+78 кг), Қола медаль — Нұрбергенов Омар (-73 кг).

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы сапында белдескен тағы екі спортшымыз да ел қоржынына медаль салды: Абдірахман Қайырхан чемпион атанып, алтын иеленсе, Есенгелді Дәрмен қола жүлдені жеңіп алды.

Жас балуандарымыздың бұл жетістігі — Қазақстан дзюдосының болашағы зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Малика Рүстем
тілші