Jas Leader Akademiiasy

Астана қаласының әкімдігі
Астана мектептерінде оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытатын ерекше жоба – «Jas Leader Akademiiasy» сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама «Болат Өтемұратов Қорының» қолдауымен қолға алынған.
2023-2024 оқу жылынан бастау алған жоба биыл елорданың 18 мектебінде іске қосылып, 1524 оқушыны қамтыды. Қатысушы мектептер қатарында №7, 14, 22, 26, 30, 32, 35, 40, 43, 51, 69, 74, 76, 85, 86, 87, 95 және 103 білім беру ұйымдары бар. Бұл мектептерде 49 педагог-тренер арнайы оқытудан өтіп, балалармен тығыз жұмыс істеуде.
Жобаның басты мақсаты – 5-11 сынып оқушыларын заманауи өмірде аса қажет көшбасшылық қасиеттерге, икемді дағдыларға (soft skills) баулу. Оқушылар өзара қарым-қатынас, көпшілік алдында сөйлеу, келіссөз жүргізу, сыни ойлау сынды маңызды дағдыларды үйренуде.
Жоба аясында факультатив сабақтар, шеберлік сыныптары, танымал тұлғалармен кездесулер мен тренингтер өткізіледі. Бұл оқушылардың өз-өзіне сенімділігін арттырып, тұлғалық дамуына тың серпін береді.
2025 жылдың 12-16 шілдесі аралығында Алматы қаласында жоба қатысушылары үшін жыл сайынғы форум өтті. Форумда үздік нәтижелер көрсеткен мектептер мен педагогтар марапатталды.
Марапат иелері:
-
№32 мектеп-гимназиясы – «Ең үздік жобаны жүзеге асырған мектеп» номинациясының жеңімпазы атанып, 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы иеленді.
Жетекшілері: Жадыра Қалменова мен Тойгүл Қасмақасова. -
№103 мектептің педагогы Ботагөз Шапишева – «Үздік тренер» номинациясын иеленді.
-
№22 мектеп-гимназиясы – «Үздік жоба» атағына лайық деп танылды.
«Jas Leader Akademiiasy» – жас буынды көшбасшылыққа баулитын, тұлғалық әлеуетін ашуға бағытталған ерекше әрі маңызды жоба. Мұндай бастамалар – еліміздің болашағын сенімді жастарға тапсырудың жарқын кепілі.