Көкпектідегі әдеби аялдама

Қарағанды облысының әкімдігі
Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ерекше жоба жүзеге асты - әдеби аялдама ашылды. Бұл - тек қоғамдық көлікті күту орны ғана емес, сонымен қатар заманауи мәдени-ағартушылық кеңістік.
Аялдамаға арнайы QR-код орнатылған. Оны сканерлеу арқылы Абайдың өлеңдерін оқып, аудионұсқаларын тыңдауға және ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты деректермен танысуға болады. Бұл - ауыл тұрғындары мен жастарына Абай әлемін жақындатып, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруды мақсат еткен тың бастама.
Жоба ауылдың инфрақұрылымын жаңғыртып қана қоймай, Абай мұрасын ұлықтауға және ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған рухани-мәдени орталыққа айналды.