ГИМНАСТШЫ ҚЫЗДАР ЖАРАП ТҰР

Патриот жаршысы
68

Қазан айының төртінші жұлдызында Венгрияда спорттық гимнастикадан әлем кубогінің осы маусымдағы төртінші кезеңі «Szombathely World Challenge Cup» жарысы басталды.

Дүние жүзінің 31 мемлекетінен келген спортшылар өзара кім мықтыны анықтап жатыр. Бұл жарысқа біздің елімізден де спортшыларымыз аттанған еді. Жарыстың іріктеу сынынан сүрінбей өткен қазақстандық 5 спортшымыз финалдық кезеңге шықты.

Ал кеше әйелдер арасындағы қол тіреп секіру жарысында финалда өнер көрсеткен отандасымыз Д.Ясинская екі секіру қорытындысында 13,166 ұпай жинап чемпион атанды. Бұл Дарьяның спорттық мансабындағы әлем кубогындегі алғашқы жеңісі. Ал ат снарядындағы жаттығу бойынша финалға шыққан И.Азизовтың жаттығуын төрешілер 14,300 ұпайға бағалады. Ол финалдағы сегіз спортшының ішінен 4 орынға табан тіреді.

Н.Құрбановтың Париж олимпиадасында алған күміс жүлдесі отандың гимнасттарға күш беріп, бір серпілтіп тастағандай.

Жарыс бүгін де жалғасын таппақ. Биік керме снаряды бойынша іріктеу сынында 3-орын алған Д.Тойшыбек қорытынды сында өнер көрсетеді.

Лилиана Әлжанова
Тілші