Абай күні – Ақтөбедегі рухани мереке

Патриот жаршысы
13

Ақтөбе облысының әкімдігі

10 тамызда Ақтөбеде ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай күні» әдеби фестивалі өтті. Мереке ақын есімімен аталған бульварда басталып, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылды.

Салтанатты жиында облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет, зиялы қауым өкілдері, жазушылар, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен қала тұрғындары ұлы ойшылдың рухына тағзым етті.

«Абай – бүкіл адамзаттың рухани қазынасы. Оның мұрасы бізді адалдыққа, білімге және бірлікке шақырады», – деді құттықтау сөзінде облыс әкімі.

Фестиваль бағдарламасы ауқымды болды. Көрермендер Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған көріністерді, қуыршақ театр қойылымдарын және ақынның сүйікті әндерін тамашалады.

Төрт тақырыптық алаңда түрлі іс-шаралар өтті:

  • «Балалық пен білім жолы» – интерактивті комикстер, ұлттық ойындар, фотозона және өлең оқу байқауы;

  • «Даналық пен даралық» – шығармашылық қойылымдар, мәнерлеп оқу, «Абайтану ғылымы» көрмесі және күйші орындаушылардың өнері;

  • «Кемел ойдың кемеңгері» – ашық микрофон, викториналар және естелік сыйлықтар.

Әдеби фестиваль өткен мен бүгінді ұштастырып, қатысушыларды білім мен бірлікке, ізгілікке үндеді – дәл Абай өсиет еткендей.

Редакция
Patriot Portaly