Ұлттық құрама Азия рекордын жаңартты

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама тарихи алтын медаль жеңіп алды. Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 2-алтын медаль түсті.
Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды. Команда санында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, осыған дейін ақ Азиадада фристайл акробатикадан отандастарымыз алтын медаль алмаған. Осыған дейін күміс пен қола жүлде бұйырған.
«Ел қоржынына екінші алтын медаль түсті. Фристайл-акробатикадан отандастарымыз Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов IX қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ерлер арасындағы синхронды секіруде сынға түскен жерлестеріміз екінші мүмкіндіктерінде бар шеберліктерін паш етіп, азулы Қытай құрамасының алтыннан үмітті екі құрамын да басып озды. Жігіттеріміз жәй озып қана қоймай, 97,92 ұпаймен Азия рекордын орнатты.
Осылайша жігіттеріміз ел қоржынына екінші алтын медальді салып отыр. Бұл медальдің еліміз үшін маңызы зор. Өйткені бұл қысқы Азия ойындары тарихында отандастарымызфристайл-акробатикадан жеңіп алған тұңғыш алтын медаль. Осы жеңіске орасан зор үлес қосқан жаттықтырушылар мен команданың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Спортшыларымыздың қажырлы еңбегі мен үздіксіз дайындықтарының арқасында біз осындай үлкен жетістікке қол жеткізіп отырмыз. Ел мәртебесін асқақтатқан осы жеңісімізбен чемпиондарымызды және барша спорт жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймын! Өзге де спортшыларымызға сәттілік тілеймін! Алға, Қазақстан!», - деді министр.