Қазақстандық балуандар төрт алтын олжалады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық кешенінде өтіп жатқан CISM І-ші әлем чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық әскери балуандар төрт алтын медаль жеңіп алды.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин, Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, CISM президенті Ролим Фило Нилтон Гомес, ирандық полковник Реза Бакари және спорт ардагері Диханбай Биткөзов қатысты.
Ерлер арасында:
-
Алтын – Бекжан Төлепов (55 кг, Қазақстан), Сағындық Әшім (66 кг, Қазақстан), Глеб Голов (82 кг, Ресей), Владимир Досяк (100 кг, Ресей).
-
Күміс – Кимал Оболбеков (Қырғызстан), Артем Штурбабин (Өзбекстан), Нұрдәулет Бақтыбайұлы (Қазақстан), Жахонгир Маматрахимов (Өзбекстан).
-
Қола – Айбек Ізтілеуов (Қазақстан) және бірнеше елден келген балуандар.
Әйелдер арасында:
-
Алтын – Айжан Жылқыбаева (48 кг, Қазақстан), Рауза Нұрмахамметова (56 кг, Қазақстан), Дарья Кузмичева (65 кг, Ресей), Шахноза Бозорова (77 кг, Өзбекстан).
-
Күміс – Мұхаббат Якубова (Өзбекстан), Нозигүл Холмирзаева (Өзбекстан), Зарина Сәріпова (Қазақстан), Зәмзәгүл Файзолланова (Қазақстан).
-
Қола – Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан спортшылары.
Чемпионат бүгін де жалғасады. Келесі белдесулерде ерлер 60, 74, 90 және +100 кг, әйелдер 52, 60, 70 және +77 кг салмақ дәрежелерінде бозкілемге шығады. Айта кетейік, додаға әлемнің 25 елінен 150-ден астам спортшы қатысып жатыр.