Өскеменде жаңа сквер салынуда

Патриот жаршысы
70

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы маңында екі субұрқағы бар жаңа сквер бой көтеруде. Жобамен танысып, құрылыс барысын арнайы тексерген облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аталған аумақты толық жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Скверде 3453 шаршы метрге тас төселіп, 201 шаршы метрден астам жерге гранит плиталары орнатылмақ. Газонмен көмкерілетін аумақ көлемі – 4339 шаршы метр. Сонымен қатар, екі субұрқақ, декоративті гүлсауыттар, заманауи орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады.

–Тек сквермен шектелмей, филармонияның қосалқы нысандарын да абаттандыру қажет. Сондай-ақ, ашық аспан астындағы концерттерге арналған сахна орнату керек. Бұл – қалалықтар үшін мәдени тынығудың жаңа орнына айналуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Әкім сквер құрылысының белгіленген мерзімде аяқталуы аса маңызды екенін ескертті. Алдағы уақытта бұл кеңістік – өнер мен демалыс қатар үйлескен тартымды орын болмақ.

Малика Рүстем
тілші