Ұлттық ұлан балуандары ІІМ спартакиадасында топ жарды

Патриот жаршысы
95

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Петропавл қаласында өткен Ішкі істер министрлігінің XII Спартакиадасы аясында ұлттық спорт – қазақ күресінен үздіктер анықталды. Жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұланының балуандар командасы командалық есепте екінші орынды иеленді.

Турнир ІІМ-ге қарасты «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 2025 жылғы күнтізбесіне сәйкес ұйымдастырылған. Тартысқа толы белдесулерде Ұлттық ұлан құрамасы тек ІІМ командасына ғана жол беріп, «Динамо» ұжымын артқа тастады.

Жекелей сында да ұландықтар тамаша нәтиже көрсетті:

1. Нұрсұлтан Нұрсейітов (6654 әскери бөлім) - 66 кг: алтын;

2. Тілек Тоқтасынұлы (5573 бөлім) - 74 кг: күміс;

3. Әли Әлімби (5513 бөлім) - 82 кг: күміс;

4. Азат Қуанов (6655 бөлім) - 90 кг: қола;

5. Бекзат Алтынбаев (5573 бөлім) - 100 кг: алтын;

6. Жандос Сейтенов (5573 бөлім) - 100+ кг: алтын.

Малика Рүстем
тілші