Қазақ өнерінің тарланы Асанәлі Әшімов өмірден өтті

Патриот жаршысы
50

Фото:Stan.kz

«Патриот» порталының редакциясы қазақ киносы мен театр өнерінің көрнекті өкілі, актер, режиссер, ұстаз, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтің өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына, өнер қауымына және барша қазақстандықтарға қайғырып көңіл айтады.

Асанәлі Әшімов – сахна мен экранда терең ойлы, күрделі бейнелерді сомдап, қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға. Оның шығармашылығы бірнеше буын көрерменінің рухани дүниесін байытып, мәдениет тарихында өшпес із қалдырды.

Өнерге адалдығы, кәсіби шеберлігі мен адамгершілік болмысы арқылы ол кейінгі толқынға үлгі бола білді. Халық әртісінің жарқын бейнесі, көркемдік мұрасы мен тағылымды жолы ел жадында мәңгі сақталады.

Алла тағала марқұмның иманын саламат қылып, жатқан жерін жайлы, топырағын торқа етсін.

Артында қалған отбасына, туған-туыстарына және барша өнер қауымына сабыр мен саулық тілейміз.

«Патриот» порталының редакциясы

Редакция
Patriot Portaly