Қазақстан конькишілері қола медаль алды

Патриот жаршысы
37

Фото: ИИ

Қазақстанның конькишілерінен тұратын команда Канадада өткен әлем кубогының кезеңінде қола медаль жеңіп алды. Калгари қаласында өткен жарыста қазақстандық спортшы қыздар командалық спринтте үздік үштікке енді. Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова үштігі жарыс қашықтығын 1:26.36 секундта жүріп өтіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Алтын жүлде канадалықтарға (1:24.90) бұйырса, күміс медаль поляк құрамасының (1:25.02) еншісінде қалды. Бұл жетістік ел спортындағы маңызды қадам болып табылады, себебі Қазақстанның конькишілері халықаралық аренада өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жарысқа Қазақстан атынан Кристина Силаева, Дарья Важенина, Надежда Морозова, Мария Деген, Кристина Шумекова, Инесса Шумекова, Маргарита Галиева, Роман Биназаров, Виталий Щиголев, Артур Галиев, Демьян Гаврилов, Александр Кленко, Евгений Кошкин, Бақдәулет Сағатов, Никита Важенин, Вадим Якубовский және Алтай Жәрдембекұлы қатысты.

Қазақстандықтардың бұл жетістігі қазақстандық конькимен жүгірушілердің әлемдік деңгейдегі жарыстарда жүлде алу мүмкіндіктері жоғары екенін көрсетеді.

Аружан Тоқсан
Тілші