Атырауда сала үздіктері марапатталды

Атырау облысының әкімдігі
9 шілде - Ветеринария және су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Атырау облысында осы салада еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің құттықтау хатын оқып, сала ардагерлері мен қызметкерлеріне ізгі тілегін жеткізді. Оның айтуынша, өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне ветеринария мен су шаруашылығы мамандарының үлесі зор. Соңғы екі жыл ішінде бұл салаға 76 арнайы қызмет көлігі алынған.
Мереке аясында Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі Алдаберген Салихов пен Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Асылбек Ешекиеев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Ал Асан ауылдық округінің меңгерушісі Азамат Абдуллин «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.
Сонымен қатар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы Атырау қалалық инспекциясының бас маманы Гүлнұр Иманалиева мен Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылының ветеринар дәрігері Сембай Ізбасовқа табысталды. Тағы 28 маманға облыс әкімінің Алғыс хаты мен түрлі марапаттар берілді.