Абай елінде «Адай» күмбірледі

Патриот жаршысы
53

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Ұлттық домбыра күніне орай Абай облысында ерекше флешмоб өтті. Шара Семей қаласындағы Абай музейі алдында ұйымдастырылды — бұл мекен халқымыздың рухани құндылықтары мен тарихи мұрасын тоғыстыратын қасиетті орын.

Игі бастамаға 200 полиция қызметкері қатысты. Құқық қорғау органдарының өкілдері Құрманғазының әйгілі «Адай» күйін бір оркестр болып орындап, ұлттық өнерге деген құрметін айшықтады.

Күмбірлеген күй халықтың жүрегіне жол тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл – полицейлердің тек қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын ғана емес, елдің рухани байлығын да ұлықтауға бейіл екенін білдіретін жарқын қадам болды.

Айта кетейік, іс-шара республикалық «Заң мен Тәртіп» акциясы аясында өткізілді.

Малика Рүстем
тілші